Өзбекстан суды үнемдеуді күшейтеді
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Депортацияланған өзбекстандық мигранттар елге қайту шығынын өздері өтеуге тиіс. Көрші мемлекеттің үкіметі депортацияланған еңбек мигранттарының құқығы мен оларға қатысты қолданылатын шаралар туралы қаулы шығарды. Құжатта өзге елге ресми жұмысқа жіберіліп, кейін заңға қайшы әрекеті үшін отанына қайтарылған мигранттарға қатысты рәсімдер қамтылған.
Егер бұл үшін шығынды агенттік төлесе, онда азамат Өзбекстанға оралған соң жұмсалған қаражатты өз қалтасынан өтейді. Көші-қон қорынан берілетін субсидия да мемлекетке қайтарылады. Сондай-ақ 1 жыл бойы өзге мемлекеттерге жіберілетін іріктеу бағдарламаларына қатыса алмайды.
Еске салайық, өзбекстандықтардың жұмыс істеуге баратын шет мемлекеттер көшін Ресей мен Қазақстан бастап тұр. Біздің елге жыл сайын көршімізден 200 мыңға жуық мигрант келеді.
Өзбекстанның ирригациялық жүйелерінде жыл сайын шамамен 8 млрд текше метр су ысырап болады. Кей бөлігі еш кә ...
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...