2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Спорт саласында 1,3 миллиард теңге бюджетке қайтарылды. Бұл қаржы қажетсіз іс-шараларға, заңсыз қосылған жалақы үстемақыларына кеткен. Ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратты. Сондай-ақ тиімсіз басқарудың салдарынан 11 спорт нысаны түрлі мемлекеттік мекемелердің балансына берілген. Былтыр агенттік пен министрлік кәсіби спортты қаржыландыру мәселесін қарап, бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Ақша спорт нысандарын салуға емес, клуб басшылары мен легионерлердің жалақысына, шетелдегі жиындарға жұмсалған. Талдау қорытындысы бойынша 50-ден аса ұсыныс енгізілді. Енді оқу-жаттығу жиындарына бақылау күшейіп , лимит белгіленді. Шетелдік спортшыларға бюджет есебінен төлемдерге тыйым салынады. Президенттің тапсырмасымен кәсіби спортқа, әсіресе футбол клубтарына бөлінетін қаржы 6,7 миллиард теңгеге қысқарады. Бұл шаралар ел ішіндегі спортты, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Асылбек Данияр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Кездесу бейнебайланыс арқылы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. Онлайн форматта ...