Қызылордада кәуапшы көпбалалы ананың саусақтарын балталап тастаған (ВИДЕО)
Қызылордада дәмханада жұмыс істейтін ер адам мекеме иесіне шабуыл жасап, ет шабатын балтамен екі саусағын шап ...
Қызылордалық өнертапқыш оқушылар донорларға арналған смарт-қосымша жасады .
Жобаның мақсаты- тұрақты донар қатарын көбейту. Қосымша қан тапсыру процесін жеңілдетеді, дейді авторлары. Яғни донордың қан тапсыратын уақытын есіне салып, медициналық кеңес береді. Одан бөлек түрлі жеңілдіктер ұсынады. Бұл адам өміріне араша болып жүрген донарларды қолдау үшін маңызды.
Галина Усова 11 жылда 61 рет қан тапсырған. Қан орталығына 3 айда бір рет келіп тұрады. Ол осы игі ісімен денсаулығы сыр берген талай жанға өмір сыйлайтынын жақсы түсінеді.
Галина Усова, донор:
- 2004 жылы туысым ауыр халде ауруханаға түсті. Қан керек болды. Сол кезде әр тамшы қанның маңызын терең түсіндім. Осы оқиға мені тұрақты донор болуға итермеледі. Қан орталығына келген сайын біреудің өмірін сақтап жатқанымды сезінемін.
Қан тапсыруды жеңіл әрі жүйелі ету үшін қызылордалық оқушылар жаңа смарт-қосымша жасап шықты. Бұл жүйе қан тапсыру уақытын еске салады, медициналық кеңестер береді.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Мобильді қосымшаның тағы бір ерекшелігі — жеңілдіктер ұсынады екен. Яғни тұрақты донорларға банк қосымшалары арқылы бонустар беру, қоғамдық көлікпен тегін жүру немесе кинотеатрға билет сыйлау секілді функциясы бар. Бұл һтұрақты донорлардың қатарын арттыруға сеп болуы мүмкін,-дейді идея авторы.
Асылжан Жомартқызы, жоба авторы:
- Қосымшаның ішінде хабарландыру мен профиль бөлімі бар. Профиль бөілімінде адамдар өзінің анализін қан орталығына бармай, телефонда көре алады.
Қызылордада жыл сайын 13 мыңнан астам адам қан тапсырады. Олардың 400-ден астамы тұрақты донор. Белсенді қан тапсырып жүрген жандар дүниежізілік донор күніне орай марапатталды.
Серік Игембаев, қан орталығының директоры:
- Бүгінгі таңда облыстық қан орталығы облыс бойынша 17 емдеу мекемесін қан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр, уақытылы және сапалы. Қан өнімдерінің жетіспеушілігі жоқ. Бірақ күнделікті донорлар келіп, емдеу мекемелеріне берілген қан өнімдерінің орнын толтырып отыруға қазір жұмыс жасап жатыр.
Айта кетейік, былтыр Қызылордада заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жаңа қан орталығы ашылды. Жалпы ауданы 6 мың шаршы метрден асатын мекеме бұрынғы ғимараттан төрт есе үлкен.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев