• 16-06-2025

Танымал отандық әнші азан шақырып, әнші есімін өзгерткенін айтты (видео)

"Таңшолпан" бағдарламасында қонақ болған танымал әнші Индира Елемес ерекше жаңалығын бөлісті. Ол есімін Хадиджа деп өзгерткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2023 жылы азан шақырып, Индира Елемес есімін Хадиджа деп өзгерткен. ⠀ Әншінің айтуынша, бұл шешімді ол көптен бері ойлап жүрген. Бірақ батылы жетпей, жүрексініп келген. Алайда екі жыл бұрын жүрегінің үнін тыңдап, нақты қадамға барған. ⠀ "Атымды ауыстыру – менің ішкі рухани жолымдағы үлкен қадам болды", — дейді ол.