2026 жылғы Олимпиадаға дайындыққа 13 млрд теңге бөлінді - министр
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
Азия чемпионатында отырып ойнау волейболынан үздік нәтиже көрсеткен ұлттық құрама спортшылары елге оралды. Оларды Алматының әуежайынан ет жақындары күтіп алды. Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен байрақты бәсекеде ел құрамасы тарихта тұңғыш рет Азия чемпионы атанды.
Дүбірлі додада спортшылар Жапония, Австралия, Сауд Арабияны басып озып, жартылай финалда Таиландты ойсыратты. Ал финалда Қытаймен ойнап, үш те екі ұпаймен жеңіске жетті.
Бауыржан Сартаев, отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрама командасының капитаны:
Жарыс өте жоғары деңгейде, тартысты өтті. Барлық команда да жақсы дайындықпен келген. Барлығымен тең дәрежеде ойын өрнегін көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткіздік.
Бауыржан Тақауов, отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы:
Көптен күткен қуанышты сәт, тарихи сәт. Финалға шыққан Қазақстан және Қытай командасы келесі жылы өтетін Әлем чемпионатына тікелей жолдама алды.
Айдана Қуантхан
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...