Бектенов медицинадағы озық технологиялардың енгізілуін тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналы ...
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке дерегі тарап кетуіне байланысты мәлімдеме жасады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандықтардың жеке деректері бар 16,3 миллион жазба ашық тарап кеткен. Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады.
Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.
Ведомство мәліметінше, азаматтардың жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат тексеріліп жатыр.
"Барлық бейінді ведомство мен қызметтер жұмылдырылды. Жан-жақты тексеріс жүргізіліп, соның ішінде деректердің өзектілігі тексеріліп жатыр. Бастапқы талдау жұмыстары деректердің көпшілігі ескіргенін көрсетті", — деді министрлік өкілі.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері тексеріс аяқталғанға дейін түпкілікті қорытынды жасау ерте екенін ескертті.
"Бұрын тіркелген осындай жағдайлар қызмет көрсету саласы мен микроқаржы ұйымдарының түрлі базаларынан алынған ескірген деректерге қатысты болды. Министрлік жағдайды бақылауда ұстайды. Қосымша ақпарат тексеріс аяқталғаннан кейін жарияланады", — деді министрлік өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналы ...
Өңірде "Балабақша" жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі м ...
Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеу ережелері өзгерді. Енді смартфондар бұғатталмас үшін мемлекеттік де ...