Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында іскерлік байланыс орталығы ашылады
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық ...
Базалық мөлшерлеме 16,5%-ке көтерілді. Бұл жайында бас қалада өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Мөлшерлеменің өсуіне елдегі инфляция мен сырттан келетін тауарлардың қымбаттауы себеп. «Нарықтағы баға райын тұрақтандыру үшін, яғни төл теңгенің құнсыздануына жол бермеу үшін осындай шешімге келдік», — дейді орталық банк өкілдері.
Ақпанда жылдық инфляция 9,4%-ке көтірілді. Соның салдарынан азық-түлік бағасы 6,5%-ке дейін қымбаттады. Сол секілді айлық, базалық инфляцияда да айтарлықтай өсім бар. Бұл ең бірінші кезекте халықтың қалтасына ауыртпалық салады. Ұлттық банк: «Бұның соңы елде экономикалық тұрақсыздыққа әкелмес үшін базалық мөлшерлемені көтеруге мәжбүр болдық», — дейді.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:
- Бұл шешім инфляция мен экономикалық өсім болжамдарын ескере отырып қабылданды. Сондай-ақ біз биыл макроэкономикалық жағдай мен тәуекелдер балансын кешенді бағаладық. Соңғы айларда инфляциялық күшім күшейді. Бағалар жедел қарқынмен өсуде. Әсіресе қызметтер бөлігінде инфляция жоғары. Базалық инфляциямен маусымдық факторлардан тазартылған инфляцияның динамикасы жалпы экономика бойынша баға қысымының артуын көрсетіп отыр. Инфляциялық күтулер жоғары және тұрақсыз болып қалуда.
Сыртқы инфляциялық қысым да күшейе түсті. Әрине әлемдік нарықта бағаның күрт өсуі әсерін тигізбей қоймады. Мәселен басты сауда-серіктесіміз Ресейде де инфлция күш алып тұр. Соның салдарынан Қазақстанда да бағалар жеделдеп барады. Бұл келешекте инфляцияны 5%-ке түсіруді көздейтін Ұлттық банктің бағдарына қайшы.
Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:
- Нарық қатысушылары да, сарапшылар да бұдан басқа амал жоқ екенін жақсы түсінеді. Мақсатымыз – инфляцияны 5%-ке дейін түсіру. Бірақ оның өсу тәуекелдері бар екенін көріп отырмыз. Қазіргі басты міндет – инфляцияны тұрақтандыру, сосын төмендету. Сондықтан қатаң шешім қабылдауға тура келді. Инфляция осал топтарға аса ауыр тиеді. Сондықтан біз бар күшімізді оны тежеуге жұмсаймыз.
Ұлттық банк баға райын бақылауда ұстауға бейіл. Дегенмен, инфляцияға қатысты болжамдар қайта қаралып отыр. Соған сәйкес 2025 жылы 10-12%, 2026 жылы 9-11% деңгейінде қалыптасады деген болжам бар. Ал орталық банк болса, 2027 жылға қарай инфляцияны 5,5-7,5% деңгейіне дейін төмендетуді жоспарлап отыр.