Қарағанды облысында жолдар жабылды
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Әлем кубогында сәтті өнер көрсетіп , қанжығалары майланды. Әсіресе, Қарағанды облысының жүзушілері жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
13-15 маусым аралығында Сиань қаласында көркем (синхронды) жүзуден Әлем кубогының суперфиналы өтті. Жарысқа 16 елден 125 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасына 14 жүзуші енді.
Бұған дейін бірінші кезең Францияда, екіншісі Египетте, ал үшіншісі Канадада өткен болатын.
«Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысы бойынша әйелдер дуэтінде біздің қыздарымыз Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина және Даяна Жаманчалова күміс медальға ие болды. Техникалық, еркін және акробатикалық бағдарламалар бойынша топтық өнер көрсетуде Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова және Ясмин Тұяқова қола жүлдеге ие болды», деп хабарлады Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Қарағанды облысында қолайсыз күн райына байланысты бірнеше жолда шектеу енгізілді. Өңірден Астанаға, Топар а ...
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов спортшыларды қысқы Олимпиада ойындарына дайындауға 13,3 милли ...
«Атырау» футбол командасының құрамынан екі легионер кететін болды. Себеп – келісімшарт мерзімінің аяқталуы, деп жаз ...