• 14-03-2025

Тоқаев Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды", — делінген хабарламада.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде қолына пышақ ұстаған ер адамның жерде отырған қызды шашынан ұстап, қорқытып жатқан видеосы тараған еді.

Оқиға бүгін, 7 наурызда Алматы әуежайының ұшу алдындағы тексеру аймағында болған.

"Ер адамды әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінде және бұл оқиғамен қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр", — деп хабардар етті әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.