Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Павлодарда балабақша тәрбиешісінің сәбилерге жасаған қатыгез әрекеті қоғамды дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада тәрбиешінің балаларды ұрып-соғып , шапалақпен ұрғаны, шашын жұлып, итергені анық көрінеді. Бұл жағдай қаладағы №116 балабақшада болған.
Жантүршігерлік кадрларды көрген ата-аналар бейнематериалды дереу әлеуметтік желілерде жариялап, жауаптыларды жазалауды талап етіп отыр. Әзірге 15 баланың ата-анасынан шағым түсті. Қазір аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер тек тәрбиешінің емес, балабақша басшылығының да іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Бұл жағдай Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілінің жеке бақылауына алынды.
Сәуле Шәкенева, Павлодар облысы бала құқықтары жөніндегі уәкіл:
- Сот-медициналық сараптамадан өту үшін барлық бүлдіршіндерге жолдама берілді. Сараптама бүгін толық жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар балабақшадағы бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар тәркіленді. Мұндай материалдар жүйеде 30 күнге дейін сақталады. Ондағы деректерді жіті зерттеп, барлық мән-жайды анықтаймыз. Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың нақты саны белгісіз. Алайда тергеу барысында олардың қатары артуы мүмкін деген болжам бар.
Хава Баукоева, зардап шеккен баланың туысы:
- Ең бастысы біз баламызды алақанымызға салып, аялап өсіріп отырмыз. Ал тәрбиеші оны ұрып-соғады. Шашын жұлған, денесінде көгерген іздер бар. Өліп қалса, не болар еді? Қазір баламыздың бойын үрей билеп алған. Ұйқысыздық басталды. Психологиялық соққы алды. Оған нақты дәлелдер бар. Мұндай бассыздықты қалай түсінуге болады? Білмеймін.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...