«Қыста балаларым курткамен ұйықтайтын»: Ақмоншақ Нұртаза өзінің еш жерде айтылмаған сырымен бөлісті (ВИДЕО)
Танымал мектеп директоры, желі қолданушылары арасында беделге ие болған педагог Ақмоншақ Нұртаза балалары ...
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев BAQ.KZ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз Қазақстанда жасанды интеллектті стратегиялық құрал ретінде қарастырамыз. Біздің мақсат адамды алмастыру емес, оның мүмкіндіктерін интеллектуалды шешімдер арқылы күшейту болып отыр», деді министр.
Ж.Мәдиевтің айтуынша, әрине, жасанды интеллектінің дамуы еңбек нарығына да тікелей әсер етеді. Ол ең алдымен күнделікті қайталанатын жұмыстарға әсер етеді. Болашақта кейбір мамандықтар азаюы мүмкін. Бұл – жасанды интеллектінің кейбір міндеттерді тез, арзан және қателіксіз орындай алуымен байланыстырылып отыр. Жасанды интеллект қауіпсіз әрі интеллектуалды еңбекке жол ашады.
«Мысалы, өнеркәсіп саласында роботтандырылған кешендер енгізіліп жатыр. Олар адамның қауіпті өндірістерге қатысуын азайтады. Сол сияқты тау-кен өндірісі, құрылыс немесе металлургия саласын атап өтуге болады. Осы салаларда жасанды интеллект арқылы жарақат алу қаупін азайта аламыз. Ал адамның міндеті басқару, инженерлік қызметтер, үдерістерді бақылау сияқты жоғары деңгейдегі функцияларға ауысады», деді Ж.Мәдиев.
Министрдің айтуынша, әрине, аталған өзгерістер бірден болмайды.
«Бұл біртіндеп жүретін табиғи процесс өзі. Сондықтан біз кадрларды қайта даярлау мен оқыту жұмыстарын дәл қазір қазірден бастап жүргізіп жатырмыз», деді Жаслан Мәдиев.
Танымал мектеп директоры, желі қолданушылары арасында беделге ие болған педагог Ақмоншақ Нұртаза балалары ...
Спикер — Мәдина Орысбаева, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы . ...
Бүгінде Астана көшелерінде күн сайын 600 мыңға жуық көлік әрі-бері жүреді. Мұндай статистикалық дерек Премье ...