• 21-11-2025

Трамп Иранға ескерту жасады

Егер Иран ядролық бағдарламасын қайта қолға алса, АҚШ оның ядролық нысандарына қайта соққы береді.

Дональд Трамп Нидерландтағы НАТО саммитінде осылай деді. Ол «АҚШ-тың әуе соққылары Тегеранның ядролық қару иелену әлеуетін толығымен жойды» деп тағы бір мәрте мәлімдеді.

Ақ үй басшысы АҚШ араласпағанда Иран мен Израиль арасындағы соғыс әлі жалғаса берер еді дейді. Трамп әкімшілігі алдағы аптада Иранмен ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізуге ниетті екенін жеткізді. АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Иран уран байытудан біржола бас тартқанда ғана толық мәміле болатынын еске салды.