Футбол жұлдызы Ғалымжан Кенжебек шаңырақ көтерді
Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елимай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде отб ...
Испания Ла лигасының 27-туры аясында жоспарланған «Барселона» – «Осасуна» арасындағы матч өтпейтін болды . Бұған себеп – каталондық команда дәрігерінің кенеттен қайтыс болуы себеп болып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Матч 8 наурызда кешке өтуі тиіс болған. Алайда, «Барселона» өкілдері ойынды кейінге шегеруді сұрап, мұны командада қайғылы жағдайдың болуымен түсіндірген. Артынша, дәрігердің көз жұмғаны туралы ақпарат клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
– «Барселона» футбол клубы бірінші команданың дәрігері Карлес Миньярро Гарсияның қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды жариялауға мәжбүр. Соның салдарынан «Барселона» – «Осасуна» матчы кейінге шегерілді», — делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, каталондық клуб қазіргі таңда Ли Лиганың көшін бастап келеді. Команда 26 матч өткізіп, 57 ұпай жинаған. «Осасуна» болса 33 ұпаймен 11-сатыда келеді.
Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елимай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресми түрде отб ...
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жаб ...
«Челси» клубының жалға берілген ойыншыларының ойынын қадағалайтын Chelsea Loan Army атты Х (бұрынғы Twitter) парақша ...