Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
АҚШ-қа туристік не іскерлік мақсатта баратын шетелдіктерден ірі көлемде кепілдік талап етілуі мүмкін.
Оның мөлшері ересектер үшін 10 мың АҚШ доллары болса, балаларға 5 мың доллар болып бекітіледі. Бұл туралы мемлекеттік департаментте, Марко Рубионың қызметтік хатында жазылған. Әзірге мұны бір жылдық пилоттық жоба ретінде іске қосу қарастырылып жатыр. Хат мазмұнында мұндай саясат виза мерзімін асырып, АҚШ-та заңсыз қалып қоятын азаматтарға қатысты екені айтылған. Кепілдік қаражатын Қазына департаменті жинайды және визада көрсетілген мерзімді сақтап, уақытылы елден шыққан жағдайда ақша иесіне қайтарылады. Сондай-ақ виза алған соң 30 күн ішінде АҚШ-қа кіру ережесі міндеттелмек. Жаңа заң 20 тамыздан бастап күшіне енеді. Мемлекеттік департамент бұл шара АҚШ-тың иммиграциялық заңдарын сақтауға және ұлттық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған деп отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұндай бастама бұған дейін де 2020 жылы көтеріліп, бірақ Байден билікке келген соң іске аспай қалған еді.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...