• 14-03-2025

АҚШ хатшысы Украина бейбітшілік үшін Ресейге территорияларын беруге мәжбүр болатынын айтты

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина уақытша бітім келісімі аясында 2014 жылдан бері Ресей басып алған аумақтардан бас тартуға мәжбүр болады деген пікірде. Бұл туралы The New York Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Рубио Украина делегациясымен келіссөздер жүргізу үшін Сауд Арабиясына сапары алдында мәлімдеме жасады.

"Келіссөздерде қол жеткізуіміз керек ең маңызды нәрсе — Украина күрделі қадамдарға баруға дайын екеніне сенімді болу, ресейліктер де бұл қақтығысқа нүкте қою үшін не қандай да бір жолмен тоқтату үшін күрделі қадамдар жасауы керек", — деді Рубио журналистерге.

Ол әлеуетті мәміле жобасын ұсынудан бас тартты, бірақ екі жақтың да кей тұстарда көндігуі келіссөздер үшін шешуші мәнге ие болатынын жасырмады.

"Менің ойымша, екі тарап та бұл жағдайды әскери жолмен шешу мүмкін емес екенін түсінуі керек. Орыстар бүкіл Украинаны жаулап ала алмайды және Украинаға да ақылға қонымды уақыт ішінде ресейліктерді 2014 жылғы жағдайға қайтып оралуға мәжбүр ету өте қиын болатыны анық", — деп түсіндірді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Рубио Мәскеумен алдағы келіссөздерде Ресей неге көндігуге дайын екенін анықтау өте маңызды екенін айтты.

"Біз олардың бір-бірінен шын мәнінде қаншалықты алыс екенін білмейміз", — деді Рубио.

АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы сонымен бірге АҚШ Киевке ресейлік шабуылдардан қорғануға мүмкіндік беретін ақпарат беруді жалғастырып жатқанын хабарлады.

Рубио кездесуде Киевке әскери көмекті қалпына келтіру мәселесі де талқыланады деп топшылады. Ол АҚШ-тың бұл мәселедегі ұстанымы Украина бейбітшілік орнатуға расымен ниетті екеніне көз жеткізген жағдайда өзгеруі мүмкін екенін алға тартты.

"Біз ресейліктерге әскери көмек көрсетпейтінімзді нық сеніммен айта аламын", — деп сендірді Рубио сөз соңында.