Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Майқайыңда кенішке жақын орналасқан апатты үйлер сүріледі.
«Шанхай» ықшам ауданында тозығы жеткен сексенге жуық үй бар. Көбі 50 жыл бұрын салынған. Былтыр «Майқайыңалтын» кенішінде болған техногенді апаттан кейін тұрғындар қауіпсіздікке алаңдай бастады. Осы оқиғадан соң жергілікті билік пен жаңа акционерлер бірлесіп, кентті дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Бірінші кезекте «Шанхай» ықшам ауданының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру мәселесі тұр. Одан соң жекеменшік сектордағы үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу және қолданыстағы қазандықты күрделі жөндеу жоспарланған. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін тараптар меморандумға отырды.
Асайын Байханов, облыс әкімі:
- Біз үшін бұл шығындарды акционердің өз мойнына алғаны маңызды. Кәсіпорын басшылығы міндеттемені қабылдады. Енді әрбір тұрғынмен жеке келісімшарт жасайтын болады. Орташа өтемақы құны – бір шаршы метрге 89 мың теңге және бұл ашық түрде жарияланған көрсеткіш. Өз үйінің нақты шаршы метрін растай алған тұрғындар сол көрсеткіш бойынша ақшалай өтемақы алады немесе баспана салынғанын күтеді.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...