Жұмыссыздар МӘМС бойынша емделе алады
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Жұмыссыздар да енді МӘМС бойынша емделе алады. ...
Скрининг белгілі бір жас тобына кіретін, бірақ бақылауда тұрмайтын халықтың созылмалы ауруын, т.с.с. мәселелерін ерте анықтауға бағытталған. Скринингтен кім өтуі керек және ол қалай өтеді деген сауалға №36 қалалық емхананың дәрігері Қарлығаш Қалиева жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
30-70 жас аралығындағы әйелдер мен ерлер жас ерекшелігіне (жұп жастағы) сәйкес екі жылда бір рет артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома және мінез-құлықтық қауіп факторын анықтау үшін тексерістен өтуі қажет.
Сүт безі обырын ерте анықтау мақсатында 40-70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет тексеріледі, ал жатыр мойны обырын диагностикалау үшін 30-70 жас аралығындағы әйелдер әр төрт жыл сайын скринингтен өтеді.
Колоректалды обырға тексеру 50-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасында екі жылда бір рет жүргізіледі.
Ерекше қауіп тобына гемодиализ, онкология, гематология және трансплантология орталықтарында ем қабылдап жүрген науқастар жатады. Сонымен қатар, жүкті әйелдер, В және С вирустық гепатиттерін жұқтыру қаупі жоғары халық тобы ерекше бақылауда болады.
Скрининг бірнеше кезеңнен тұрады:
"Тексерістен жүктілік, ауру немесе басқа да себептерге байланысты өте алмасаңыз, белгіленген кезеңді сақтай отырып, оны келесі жылы өтуге мүмкіндік беріледі. Скринингтен тұрақты өтіп тұру қауіпті ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді, бұл кезде емдеу тиімді болып, асқыну қаупі барынша азаяды. Денсаулыққа қамқорлық профилактикадан басталады!" — деп ескертті маман.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!