Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
БАҚ-та Астанада жасөспірімдер қайырымдылыққа ақша жинап жүрген жерінен ұсталғаны туралы ақпарат тарады . Оқу-ағарту министрлігі осы жайтқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, кәмелетке толмағандардың кез келген қызметі, оның ішінде волонтёрлік қызметі заңнама аясында ғана жүзеге асырылуға тиіс.
Ол үшін жасөспірім 18 жасқа толуы қажет.
"18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар волонтёрлікпен тек олардың денсаулығына, біліміне және дамуына зиян келтірмейтін жағдайда ғана айналыса алады. 16 жасқа дейінгі балаларға ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімі қажет", — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінен кейін кейбір еріктілер әлеуметтік желілерде коммерциялық іс-шарада жағдай жасалмаса да, жұмыс істеуге тура келгеніне шағымданды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі ме ...
Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, 5 бала қаза болған. Мемлекет басшысы елор ...
БАӘ астанасында The Games of the Future Abu Dhabi 2025 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған ...