Футболдан әлем чемпионатының іріктеу туры. Live
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Ақмола облысында жаңа пилоттық жоба арқылы үйлер үлестіріліп жатыр.
Әкімдік Отбасы банкке су жаңа 371 пәтердің кілтін табыстады. Қаржылық ұйым оларды әрі қарай тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарға таратып береді.
Жақында Қосшыда 371 отбасы баспанамен қамтылады. Оның 261-і әлеуметтік осал топтарға үлестірілсе, қалған 110 үй 2 пайыздық жеңілдетілген несиемен беріледі. Бұл әкімдік пен «Отбасы банк» арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асқан алғашқы пилоттық жоба.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
- Енді жергілікті әкімдер тек қана құрылысын жасайды немесе дайын пәтерлерді сатып алады. Ал тарату мәселесі Отбасы банкке жүктеліп отыр. Бұл біздің Ата заңымыз Коституцияның 30 жылдығы қарсаңында жасалып жатқан іс-шара. Біз зайырлы мемлекетпіз. Біздің мұқтаж жандардың алдында әлеуметтік жауапкершілігіміз бар.
Жаңа жобаның ерекшелігі – баспана бөлу процесі толығымен автоматтандырылған. Жүйе арқылы азаматтың кезекке тұрған уақыты, отбасы құрамы мен табысы ескеріледі. Әрі қай санатқа қандай пәтер тиесілі екенін өзі анықтайды.
Сара Әйтенқызы, қоғам белсендісі:
- Бүгін біздің қаламыз үшін ерекше сәт. Қала статус алғалы 4 жыл болды. Осы 4 жыл ішінде қаламыз дамып, өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр осы бағдарлама бойынша тұрғын үй мәселесімен 200-ден астам пәтер берілген болатын.
Ақмола облысында соңғы 2 жылда 4 мың 787 отбасы баспанамен қамтылған. Оның ішінде 1 мың 536 пәтер мұқтаждарға үлестірілді. Бұл соңғы 7 жылда болмаған көрсеткіш.
Мерей Қанапия, Ақылбек Есімсейітов, 24KZ
Елордада Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы өті ...
Биыл Кеңес Одағының батыры, академик , жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына — 110 жыл. Осыған орай Ақмола об ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...