«Роза Рымбаева сияқты отырсам деймін»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)
Танымал әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге сұхбар беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ...
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен алғашқы таныстығы туралы әңгімеледі, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің айтуынша, бұл кездесу 1989 жылы «Гүлдер» ансамблінде өнер көрсетіп жүрген, жатақханада тұрған кезіне сәйкес келеді. Сол уақытта ол баспана алу мәселесімен саясаткерге жүгінген.
"Ол кісінің мысы басым еді. Жеткенше аяғым дірілдеп кетті. Тесіліп қарап отырды. Қағазға жазып алған өтінішімді әрең айтып шықтым. Тоғыз жыл жатақханада тұрып жатырмын, бірінші кезекте тұрмын. Бірақ бізде "Гүлдерде" жүрген қыздарды күйеуге шықса болды, кезектен шығарып тастайды. Соны айттым. Ол кісі бәрін тыңдап отырды да: "Бара бер! 20 күннен кейін кел" деді. Шок болып қалдым. Бір жарым айға гастрольге кетіп бара жатыр едім. "Сіз маған "иә" не "жоқ" деп айтыңызшы. Бересіз бе, бермейсіз бе?" деп сұрап тұрмын. Ол кісі орнынан атып тұрып «Бар, саған түсіндіреді" деді. Сол сәтте өзім де шошып кеттім. "Енді алдыңызға келмеймін" деп жатақханаға барып, өкіріп жыладым", – дейді әнші.
Мақпал Жүнісова жарты жылдан кейін Заманбек Нұрқаділовпен қайта кездескенін айтады. Гастрольдік сапармен Мароккоға баратын кезде ол делегацияны бастап барған. Саясаткер кейін әншіге бұл сапарға әдейі барғанын айтқан.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова журналист Дина Төлепбергенге сұхбар беріп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ...
Әуежайда халқына иіліп сәлем салған халық әртісі Мақпал Жүнісова көпшілікті сүйсінтті. Оқиғаның видеосы әл ...
Халық әртісі Мақпал Жүнісова үй қызметінде өзіне көмек көрсететіндерге қалай қарайтынын, олармен қарым-қат ...