Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Әзірге пилоттық режимде жұмыс істейтін қосымша полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етпек.
Әрі тәртіп сақшыларының жұмысын жеңілдетіп, азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттырады. Оның көмегімен қағазбастылық азайып, арыздар электронды нұсқада қабылданады.
Бұл елордадағы учаскелік полиция пункттерінің бірі. Мұнда азаматтардың өтініштерін шұғыл қарап, дер кезінде әрекет етуге барлық жағдай жасалған. Ал, тәртіп сақшылары халықпен тығыз байланыс орнатып, өз аумағындағы тұрғындардың мәселелерін зерттеуде жаңа әдіске көшті. "Цифрлық учаскелік инспектор" қосымшасының басты міндеті — қағазбастылықты жойып, жұмысты жеңілдету.
Серік Кеңесов, Астана қ. Сарыарқа ауданы ПБ полиция капитаны:
- Бұл қосымшаның негізгі жұмысы қандай?
- Бұл қосымшаның негізгі жұмысы қазір көріп тұрсыздар, мынау профилактикалық есепте тұратын тұлғалар, жаңадан есепке алынған тұлғаларды енгізуге болады, есептен шығаруға болады, шығарылатын мерзімі бар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық аясында қорғау нұсқама деген бар. Бір айлық мерзімге қойылады. Мерзім өткеннен кейін бұл санаттан шығады Бұның бір тиімділігі — бізден қағаз жүзінде департамент тарапынан, бізді бақылайтын бөлімшелер жағынан қағаз жүзінде ештеме сұрамайды.
Тұрғындар да учаскелік полицейлердің жұмысына оң баға берді. Айтуларынша, олар әрдайым байланыста болып, туындаған түйткілдерге дер кезінде араласады. Тіпті, азаматтармен WhatsApp желісінде құрылған ортақ чат бар.
Дәметкен Смаилова, қала тұрғыны:
- Осы үйге көшіп келгелі 4 жыл болды. Көңіліміз толады учаскелік полиция жұмысына. Кешкілікте келеді, не керек айтып кетеді, түсіндіреді. Арасында жиналыс болғанда да қатысады. Біз де қатысамыз.
Дильназ Тұрғазыева, тілші:
- Тәртіп сақшыларына планшет құрылғылары енгізілгеніне шамамен алты жыл болды. Бұрын мұнда тек әкімшілік хаттама толтыру мүмкіндігі бар еді. Қазір жаңа қосымша арқылы арыздарды электронды форматта қабылдауға болады. Сондай-ақ есепте тұрған тұлғаларды, қару иелерін тексеру де онлайн режимде жүзеге асады. Күніне инспекторға шамамен жиырмаға жуық өтініш түседі. Көпшілігі әкімшілік құқықбұзушылық фактілеріне қатысты.
Серік Кеңесов, Астана қ. Сарыарқа ауданы ПБ полиция капитаны:
- Халықпен тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында цифрлық жұмыстар жасалып жатыр. Барған хабарламаларға жазбаша түрде емес, видео, аудио түрінде көмектесіп жатырмыз. Ол қалай болады? Азаматша арызданбаймын десе видеосын түсіріп, осы планшет арқылы шешім қабылдаймыз. Арызданып жатқан жағдайда осы планшет арқылы сотқа жолдаймыз, хаттама толтырамыз, яғни қағаз жұмыстан арылтып, уақытты созбай тез мерзімде көмектесу үшін осы цифрлық жоба аясында енгізіліп жатыр жаңа проектілер.
Бұған дейін, елде құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам арасындағы байланысты нығайту мақсатында Ішкі істер министрлігі жанындағы қоғамдық кеңес құрылған еді. Бүгінде оған тұрғындар тарапынан мыңнан аса аса хат түскен. Кеңес мүшелерінің айтуынша, жол-көлік оқиғалары, интернет алаяқтардан қорғану, бала қауіпсіздігіне қатысты сауал жолдағандар көп.
Баян Ахатай, ҚР ІІМ жанындағы қоғамдық кеңесінің мүшесі:
- Онда талқыланып жатқан мәселелердің бәрі ашық. Біз қоғамнан алып берген ұсыныстарды жіті бақылайды, қадағалайды. Біз осы қоғамның атынан сөйлеген бір әсер ете алушы факторға айналып отырмыз.
Ішкі істер министрлігі тәртіп сақшыларының жұмыс істеу қабілетін цифрлық технологиялардың көмегімен арттыруды көздейді. Бұл арқылы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі жетілдіруге болады, — дейді олар.
Дильназ Тұрғазыева, Самат Қазанбай, Абдулхамит Бөлекбаев