Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Кездесу барысында озық технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы қарастырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Huawei компаниясы арасында Инновациялық телекоммуникация технологияларын енгізу және сервер инфрақұрылымын жаңғырту туралы стратегиялық келісімге қол қойылуын құптады. Аталған уағдаластық аясында цифрлық трансформация мен орнықты дамуға қатысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, компанияның еліміздегі білім беру бастамаларына айрықша назар аударылды. Huawei ақпараттық технология, жасанды интеллект және үлкен дерекқорды талдау салаларында отандық білікті кадрлар даярлау ісіне үлес қосуға ниетті.
Huawei – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен смарт-құрылғылар шығаратын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Халықаралық корпорация 170 елде және аймақта 3 миллиардтан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Sany Group Co. Ltd. корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Сян Вэньбоны қабылдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...