Астананың әлеуметтік даму басымдықтары белгіленді
Бас шаһарды кешенді дамыту мәселесі үкіметтің жіті назарында. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ...
Министр тексерілмей таратылатын ақпараттар туралы айтты
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуына қатысты жаңалықтарға байланысты БАҚ-қа үн қатты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Министр 2025 жылғы 4 қыркүйекте Facebook-тегі парақшасында:
«Кейбір ресми БАҚ пен анонимді Telegram-арналарында мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда», – деп мәлімдеді.
Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.
Көбіне расталмаған «хайп қуған» деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.
Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын.
Бас шаһарды кешенді дамыту мәселесі үкіметтің жіті назарында. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ...
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Алматы қаласында әлеу ...
2026 жылдан бастап сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде жоспарлы меди ...