Президент премьер-министр Бектеновке 10 күн уақыт берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн уақыт берді, — деп хабарлайды ...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бір палаталы Парламент құруды ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл — өте маңызды мәселе. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын", — деді Президент.
Мемлекет басшысы 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болатынын да айтты.
"Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын", — деді Тоқаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн уақыт берді, — деп хабарлайды ...
Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылды . 9-10 қыркүйек күндері Қазақстанғ ...
Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының президенті Феликс Чисекеди келеді, — деп хабарлайды Mas ...