Алматыда жаңа жылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады?
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Алматы тұрғыны өзін белгісіз ер адам аңдып, кейін шабуыл жасауға тырысқанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода қыздың Түрксіб ауданындағы көшеде кетіп бара жатқаны көрінеді. Оның артынан ер адам біршама уақыт еріп жүріп, жан-жағына жалтақтағаны байқалады. Қыз қақпаға жақындаған сәтте ер адам артынан жүгіріп келіп, қызды қысып ұстап, артынша қашып кеткен.
"Ол менің артымнан еріп, интим жеріме қолын тигізіп, есікке тақады. Егер оны танып жатсаңыздар, хабарлауды сұраймын. Бұл арсыз мені аңдыды", – деді жәбірленуші.
Алматы Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Күдікті анықталып, заңнамаға сәйкес шара қабылданады", – деді полиция өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Жылдың соңғы кешінде Алматы жарқын мерекелік атмосфераға бөленеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 3 ...
Қазір полиция – жай ғана құқық бұзушылықпен күресуші күш емес, ол бұқарамен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіп пен әділ ...
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...