• 21-11-2025

«Сексеуіл – Бейнеу» жолы транзитті қысқартып, өңірлердің дамуына серпін береді

Президент Жолдауында Қытайдан Еуропаға дейінгі транзитті едәуір қысқартатын «Сексеуіл – Бейнеу » жолының құрылысын тездетуді тапсырды.

«Жаңа жол еліміздегі көлік логистикасын дамытып, тауар айналымының көлемін арттырады. Одан бөлек, Аралдың айналасындағы шалғай ауылдардың дамуына серпін береді», — дейді мамандар. Өңір тұрғындары: «Жолдау жүктеген міндеттер – уақыт талабы», — дейді.

Блиц 1:

- «Сексеуіл – Бейнеу» жолы бұл нағыз керекті, осы Қазақстан болсын, алыс-жақын шетел болсын үлкен маңызы бар жол. Қасындағы халыққа жұмыс көзі болады, кейіннен ол соғылып болғаннан кейін мемлекетке үлкен пайдасы тиетін жол болып қалатыны анық.

Блиц 2:

- Осы уақытқа дейін біз жер қойнауын пайдаланушы мемлекет болып әлемге ресурстарды беруші ретінде танылсақ, қазіргі уақыттан бастап ол дүниеге сене бермей, адами капиталды да дамытуға назар салу керек. Біздің еліміздің қуантарлығы жасанды интелект саласында ерте бастап қойдық. Орта Азиядағы, ТМД-дағы лидерміз деп атасақ болады өзімізді.

Блиц 3:

- Бүкіл әлемде болып жатқан жаңалықтар, жаңа технологиялар, қандай жұмыс орындары ашылып жатыр, жаңа технология келіп жатыр, инвестиция келіп жатыр. Осы мәселелерді көзбен көре отырып, ойлаймын жаңа талпыныс болады балаларда. Жаңа жұмыс орындары болады, оған интеллекті пайдалану арқылы жаңа мазмұнда жұмысшы мамандығын дайындаймыз деп сенемін.