• 21-11-2025

Қайтарылған активтер: 5,6 млрд теңге қайда жұмсалады?

5,6 млрд теңге көлеміндегі қайтарылған активтер Абай облысындағы медициналық нысандардың құрылысына жұмсалмақ, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысында денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Қаражат өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға және медицина сапасын арттыруға бағытталған.

"Үржар ауылында көпсалалы орталық аудандық ауруханаға қосымша корпус салуға және заманауи медициналық техникамен жарақтандыруға жұмсалады. Аягөз қаласында көпсалалы орталық аудандық ауруханаға қосымша корпус салынып жатыр, мұнда магнит-резонанс томограф орнатылады", — деп жазылған хабарламада.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін қайтарылған активтердің 5,5 млрд теңгесі БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға бағытталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget