Ислам өркениеті орталығы – меценаттық қолдаудың жарқын үлгісі
Ташкенттегі Ислам өркениетінің орталығы – Өзбекстанның ең маңызды идеологиялық жобаларының бірі. Бұл – қарапайым с ...
Ташкентте бадминтоннан Орталық Азия елдері арасында халықаралық турнир жалауын көтерді.
Сайысқа 7 мемлекеттің спортшылары қатысып жатыр. Қазақстан командасының сапында әлемдік турнирлерде топ жарған өрендер бар. 4 күнге созылатын байрақты бәсекеде бадминтоншылар командалық және жекелей сында өнер көрсетеді.
Расул Сағындық Орал қаласының тумасы. Жас бадминтоншының алғашқы қарсыласы моңғол спортшысы. Бірінші сетті Расул айқын басымдылықпен жеңді. Екінші партияда сәл босаңсып, қарсыласын алға жіберіп алды. Дейтұрғанмен 8 жылдық тәжірибесі оны жеңіске жетеледі.
Расул Сағындық, бадминтоншы:
- Психология көп рөл ойнайды. Мысалы, судьялардың қысымы болуы мүмкін. Бапкер тарапынан да болып жатады. Сондықтан өзіңді психологиялық тұрғыда шынықтыру керексің. Осы жазда да демалмай жаттығу істедім. Өзімді жақсы қырымнан көрсетемін деп ойлаймын.
Әттең ай дейтіні Қазақстанда бадминтон спорты кенжелеп қалған. Жауапты министрлік тарапынан қолдау болмағасын облыстық әкімдіктерге жалтақтаймыз -дейді көпжылдық тәжірибесі бар аға бапкер Людмила Окунева.
Людмила Окунева, бадминтоннан аға жаттықтырушы:
- Осы бір спорт түріне министрлік тарапынан қолдау болса екен- деп тілейміз. Бадминтон көп шығынды талап етпейді. Шындығында жаттығатын орын тапшы. Әйтпесе бізде талантты жастар көп. Елдің атын әлемге танытатын спортшыларды даярлауға болады. Біз өз тарапымыздан білген түйгенімізді үйретіп жатырмыз. Осы турнирде биіктен көрінуге тырысамыз.
Ташкенттегі турнир 7 мемлекет спортшыларының басын қосты. Төрешілер алқасы әрісі Малайзиядан берісі Ираннан келген.
Артём Саватюгин, бас төрешінің орынбасары:
- Көрші елдер арасындағы достық қарым-қатынасты тереңдету мақсатында бұл турнир жыл сайын ұйымдастырылады. Бір жағынан спортшылар мен бапкерлер өздерінің деңгейлерін бағамдап, бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Халықаралық турнир 4 күнге жалғасады. Жекелей сайыс жеңімпаздары анықталғаннан кейін командалық ойындар басталады. Қазақстан командасы жүлделі орыннан үмітті.