Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына қосылуы мүмкін
Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына енуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары ...
Қазақстанда 90 млн гектардан астам жер эрозияға ұшыраған.
Бұл ауыл шаруашылығы үшін басты мәселелердің біріне айналып отыр. Ал ұлан-ғайыр даламыздың тек 5 пайызын ғана орман алқабы алып жатыр. Бұл туралы бүгін Сенатта экожүйелерді ұтымды пайдалану тақырыбында өткен Парламенттік комиссияның отырысында айтылды. Сарапшылар елімізде жалпы орман алқабының азайып бара жатқанына алаңдаулы. Ағаш отау мен орман өрті көп. Жасыл желекті қалпына келтіруге тиісінше көңіл бөлінбей отыр. Осының бәрі мәселені тіптен күрделендіре түскен, дейді. Бұл тұста Үкімет қалың орманды 2030 жылға қарай 14,5 миллион гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлаған. Ол үшін тұқым материалдарын дайындайтын 114 жаңа орман тәлімбағы құрылмақ. Сонымен қатар, талқылау барысында Парламенттік комиссияның мүшелері мен сарапшылар орман ресурстары мен сирек кездесетін жануарлар популяциясын көбейту қажеттігін айтты. Айта кетейік, тиісті мемлекеттік органдар биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау және Экожүйені сақтау бүкіл әлем үшін өзекті мәселе екені белгілі. Елімізде де бұл бағытта атқарылуы тиіс көптеген маңызды міндеттер бар. Сондықтан президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы салаға үнемі баса мән беріп келеді. Бүгін де мемлекет басшысының тапсырмасымен жүйелі жұмыстар іске асырылып жатыр. Соның аясында сенат депутаттары орман шаруашылығы мен ерекше құрылғылардың табиғи аумақтарды топырақты қорғау саласын реттейтін заң жобаларына бастамашы болды. Сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар биоәртүрлілікті сақтау тұжырымдамасын әзірлеуде.
Қазақстан 2028-2029 жылы жоғары табысты елдердің қатарына енуі мүмкін. Еуразиялық даму банкінің сарапшылары ...
Әлішер Сатвалдиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты ...
Биыл 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектептері мен колледждерінде «ДОСБОЛLiKe» антибуллингтік бағдарламасы ...