
6 наурызда Қазақстанның 9 өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады. Осы орайда ТЖМ өкілдері халықты үрейге бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ-ның мәліметінше, 6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде органдарды су тасқыны кезеңі жағдайларында төтенше жағдайларды жоюға дайындау бойынша "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады.
Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
"Сонымен қатар "Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 2025 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз", — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір айын бұрын "Көктем-2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі оңтүстік және бастыс өңірлерде өткен еді.
TOP
-
-
«Сүйінші Торғай жұрты»: Ерқанат Көпжасар Ұлттық Құрылтайдан ақжолтай жаңалық жеткізді (ВИДЕО)
14.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаев "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылмақ
14.03 -
-