• 16-12-2025

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Ризабек үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Аболфазл Бабалуды 7-1 есебімен жеңді.

Осылайша қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтады.