
Түркістан облысында полиция қызметкері қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің айтуынша, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитов заң бұзушыны қудалау кезінде қаза болған.
"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", — делінген Ержан Сәденовтің жазбасында.
Осы ретте министр ведомство марқұмның отбасына қажетті қолдауды көрсететілетінін мәлім етті.
Еске сала кетейік, 2025 жылы ақпанда Жамбыл облысында қызметтік міндетін атқару кезінде патрульдік полиция батальонының аға инспекторы қаза тапқан еді.
TOP
-
-
-
-
БҰҰ туы астындағы сәтті миссия: Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы (фото, видео)
14.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
«Сүйінші Торғай жұрты»: Ерқанат Көпжасар Ұлттық Құрылтайдан ақжолтай жаңалық жеткізді (ВИДЕО)
14.03 -