• 21-11-2025

Биыл 1119 құқық бұзушылық тіркелді

Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған.

Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері осы санатта мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғы көрсеткіштен төмен. Прокурорлар отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты заңның күшейгені оң нәтиже берді деп есептейді.

Астанада ер адам жанжал кезінде әйелін ұрып-соққаны үшін 369 мың теңге айыппұл төледі. Ал қонақүй әкімшісіне қол көтерген азамат 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жылпы былтыр осы сынды мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.

Абзал Әмірхан, Астана қаласы Прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Заң күшіне енгеннен бастап 2024 жылдың соңына дейін 1 184 қылмыстық құқық бұзушылық қозғалды. Оның ішінде 676 қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы бойынша. 508 құқық бұзушылық қылмысты қамтиды. Сотқа 142 қылмыстық іс жіберілді, 83 адамға қатысты үкім шығарылды. Ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1199 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп 164 іс сотқа жолданды.

Мамандардың айтуынша, азаматтардың көбі денсаулыққа жеңіл зиян келтіру немесе ұрып-соғу үшін қылмыстық жауапкершілік барын әлі де білмейді. Сондықтан «Заң және тіртіп» бағдарламасы аясында халықты ақпараттандыру белсенді жүріп жатыр.

Абзал Әмірхан, Астана қаласы Прокуратурасының басқарма прокуроры:

- Қалалық прокуратура денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін екі жүзге дейін, яғни 786 400 теңгеге дейін айыппұл салынатынын немесе елу 50 күнге дейін қамауға алу және егер отбасы мүшелеріне қарсы болатын болса 1000 АЕК, яғни 3 932 000 теңгеге дейін айыппұл салу немесе екі 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін түсіндіреді.

Прокуратура тұрғындарды тұрмыстық жанжалдарды күш қолданбай, заң аясында шешуге шақырады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Абдулхамит Бөлекбаев