Медеу мұз айдынының тарихи келбеті сақталады
Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" би ...
Алматыда балалар арасындағы ЖРВИ деректерінің өсуіне байланысты жаңа жылдық іс-шараларды өткізу шектелуі мүмкін. Дегенмен, қалада толық тыйым салу әзірге қарастырылмаған. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асель Қалыкова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Асель Қалықованың айтуынша, індеттің өршу кезеңінде көпшілік іс-шараларды шектеу ұсынылады. Алайда, қазіргі уақытта толық тыйым салу қарастырылмайды, өйткені соңғы аптадағы ЖРВИ көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 1,5 еседен көп артпаған.
«Жалпы, көпшілік жиналатын шараларды барынша шектеу, яғни мерекелерді басқа форматта өткізу, қажет. Бұл балалардың жаппай жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді», деді Қалыкова.
Ол сонымен қатар, іс-шаралардан бұрын балаларды міндетті түрде медициналық тесерістен өткізу керектігін атап өтті. Яғни, кімнің сабаққа келмегенін, қандай себептермен жоқ болғанын анықтау арқылы мерекелік шараларға науқас немесе ЖРВИ белгілері бар балалардың қатысуын болдырмауға болады.
Қалықованың сөзінше, Алматыдағы мектептер мен балабақшалар әлі де штаттық режимде жұмыс істейді. Қашықтан оқуға ауысу әзірге қарастырылмаған, себебі науқас балалардың саны 30%-дан аспайды.
Айта кетейік, қыркүйектен қарашаның басына дейін балалар арасындағы ЖРВИ көрсеткіші 59,1%-ды құрап, 102 575 жағдай тіркелді. Оның ішінде 108 бала пневмониямен ауруханаға жатқызылды.
Соңғы аптада қала бойынша 178 мектептен 1930 ЖРВИ жағдайы тіркеліп, кейбір мектептерде оқушылар арасындағы науқастану деңгейі 10%-ға жеткен.
Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" би ...
Алматыда BRT (жедел автобус көлігі) желісінің негізгі учаскелерінің бірі сынақ режимінде іске қосылды. Ол Желтоқсан ...
Алматыда сарапшылар деректерді қорғау, корпоративтік мәдениет және киберқауіпсіздік мәселелерін талқылады. Алматыд ...