TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін бақылау жүйесін жақсартты - Аида Балаева
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін жақсарта түскен. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат ...
TikTok платформасы жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жаңа функцияларды іске қосады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Министрдің айтуынша, TikTok «Отбасылық баптаулар» бөлімінде ата-аналарға балаларының қосымшаға кіру уақытын шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдердің назарын демалысқа аударуға көмектесетін арнайы мүмкіндікті енгізбек.
«TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін одан әрі жақсартуда. Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. Атап айтқанда, TikTok «Отбасылық баптаулар» бөлімінде ата-аналарға жасөспірімдердің қосымшаға қолжетімділігін белгілі бір уақыт аралығында шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, платформа сағат 22.00-ден кейін TikTok-ты пайдаланатын жасөспірімдердің назарын аударып, тынығуына көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ», деді Аида Балаева.
Сонымен қатар ол TikTok-тағы ата-аналардың бақылау жүйесінің бір бөлігі болып табылатын «Отбасылық баптаулардың» іске қосылғанына бес жыл болғанын атап өтті.
«Осы жылдар ішінде ата-аналардың кері байланысы мен сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, TikTok жаңа функцияларды бірнеше рет еңгізіп отырды. Бұл жолы TikTok қолданбасының әзірлеушілері «Демалыс» деген жаңа функцияны қосты. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді», деді министр.
Енді ата-аналар:
Айта кетейік, тіпті ата-аналардың бақылауы қосылмаған кезде де, алдағы айларда TikTok жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосуды жоспарлап отыр.