Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Мемлекет басшысы Жапонияға ресми сапары барысында Токиодағы Мейджи Джингу синто ғибадатханасына барды.
1920 жылы салынған кешен императорлық киелі орын саналады. Оның аумағында 120 мыңға жуық ағаш пен жасыл желегі бар саябақ орналасқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ғибадатхана түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу арқылы Жапонияны әлемнің дамыған елдерінің біріне айналдырған император Мейджиге арналған.
Кешенмен танысқан соң Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
"Мейджи Джингу – берекелі бірлік пен ұлттық сана-сезімнің символы. Жапон халқы үшін осы қасиетті ғибадатхананың тарихи мән-маңызы ерекше. Күншығыс елі өсіп-өркендей берсін!" – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқыққа қайшы контентті шектеуге бағытталған заңға қол қойды. Құжат педофилиян ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше күтімді қажет ететін балаларға жағдай жасау мәселесін көтеріп, Үкімет п ...