• 13-03-2025

"Нюанстар бар": Путин 30 тәулікке атысты тоқтату туралы келісім беретінін мәлімдеді

Ресей президенті Владимир Путин Украинада атысты тоқтатуға келісім беретінін мәлімдеді. Десе де ол талқылау қажет мәселелер де бар екенін алға тартқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"РИА Новости" хабарлауынша, Путин брифингте Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға келісім беруге дайын екенін, бірақ бұл бейбітшіліктің ұзақ уақытқа орнауына себеп болуы керектігін атап өтті.

РФ президенті Украина "жер бетіндегі жағдайларға орай америкалықтарды Украинадағы атысты тоқтатуды өтініп сұрауы керек" екеніне сенімді.

Ресей Украинамен арадағы атысты 30 тәулікке тоқтатуды қолдайды, бірақ "нюанстар" бар, деп мәлімдеді Путин.

Украинамен бітімге келу идеясы дұрыс, бірақ "екі тарап та мұқият зерттеуді қажет ететін мәселелер бар", деді ол. Ол, сонымен бірге Трампен Украинамен бітімге келуді талқылау мүмкіндіктерін же жоққа шығармады.

"Біріншіден: Курск облысындағы участокқа қатысты қандай әрекет жасауымыз керек? 30 тәулікке қарулы қақтығысты тоқтату деген не деген сөз? Қазір сонда жүргендердің барлығы шыға салуы керек деген сөз бе? Біз оларды бейбіт халыққа жасаған соншама қылмыстарынан соң жібере салуымыз керек пе әлде украиналық тарап басшылығы оларға қаруын тастап, берілуі керек деген сөз бе? Бұл қалай болады? Түсініксіз", — деді РФ президенті.

Бұнымен қоса, Путин көптеген мәселелердің басы ашық қалатынын жеткізді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Ресей жер бетіндегі жағдайларға қарай қақтығысты тоқтату туралы келесі қадамдар туралы келіспек.

Бұған дейін Сауд Арабиясының Жидда қаласында Украина және АҚШ делегацияларының кездесуі өнімді болғ Бұл туралы журналистерге арналған брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді. Сонымен бірге Украина бүгінгі келіссөздер нәтижесінде 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысты қабыл алуға дайын екенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ Украина президентінің

Бұған дейін Сауд Арабиясының Жидда қаласында Украина және АҚШ делегацияларының кездесуі өнімді болғанын хабарлаған едік. Бұл туралы журналистерге арналған брифингте Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеген.