
Түркістан облысында әлдекімдер 19 жастағы жігітті өлтіріп кеткен . Қанды қылмысқа қатысты ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 19 жастағы жігітті әлдекімдер елсіз жерге апарып, аяусыз азаптап өлтіріп кеткен. Марқұмның анасы қылмыс 20 ақпанда болған дейді. Ал 22 ақпан күні мәйітті ауыл шопаны тауып алған көрінеді.
"Айдала, түн түгілі күндіз баруға қорқатын жерге менің баламды алып барған. 14 жерінен пышақтап, маңдайынан ломмен ба бірдеңемен ұрған. Өйткені, сүйегі кіріп кеткен. Із бар кәдімгідей. Сол жерден табылып отыр ғой балам", — дейді марқұмның анасы Райхан Жамалова.
Әлеуметтік желіде жантүршігерлік қылмысты жасады деген күдікке ілінгендер қатарында әскери қызметкер де екені туралы ақпарат тараған. Аталған жайтқа қатысты қалалық әскери тергеу басқармасының мамандары пікір білдірген.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталды және күдіктіге қатысты тергеу соты 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді. Қазіргі танда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр", — дейді ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімі өкілдері.
Қазір оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал марқұмның отбасы ұлының ажалына себеп болғандар тиісті жазасын қатаң түрде алсын деп отыр.
TOP
-
-
«Сүйінші Торғай жұрты»: Ерқанат Көпжасар Ұлттық Құрылтайдан ақжолтай жаңалық жеткізді (ВИДЕО)
14.03 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаев "Астана Опера" театрының қамқоршылық кеңесінен шығарылмақ
14.03 -
-