Ислам өркениеті орталығы – меценаттық қолдаудың жарқын үлгісі
Ташкенттегі Ислам өркениетінің орталығы – Өзбекстанның ең маңызды идеологиялық жобаларының бірі. Бұл – қарапайым с ...
Өзбекстандық кәсіпқой боксшы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев аты аңызға айналған Оскар Де Ла Хойя жетекшілік ететін Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
22 жастағы Руслан кәсіпқой мансабында осы уақытқа дейін бір жекпе-жек өткізіп, жеңіске жеткен. Ол 7 наурызда Калифорнияда өткен бокс кешінде Хосе Валенсуэла Альварадоны екінші раундта нокаутқа түсірді.
63,5 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшы Руслан Абдуллаевтың есімі жанкүйерлерге жақсы таныс.
Ол 2002 жылы Өзбекстанда туған. Руслан Абдуллаев – бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлем чемпионы (2023), Азия чемпионы (2022), Өзбекстан чемпионы (2021).
Абдуллаев былтыр наурызда Италияда өткен әлемдік лицензиялық турнирдің ширек финалында сербиялық Алексей Сендрикті ұтып, Олимпиада лицензиясын еншіледі. Ол Парижде 63,5 кг салмақта сынға түсті.
Өзбекстанда дүниеге келген дарынды боксшы кезінде Қазақстанның туы астында өнер көрсетуге құлшынып, жастар арасындағы ел біріншілігіне қатысты. Жартылай финалда Сабыржан Ақхалықовтан ұтылып, қола медальді қанағат тұтты. Содан кейін қайта Өзбекстанға оралды.
Ташкенттегі Ислам өркениетінің орталығы – Өзбекстанның ең маңызды идеологиялық жобаларының бірі. Бұл – қарапайым с ...
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. Мемлекет басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары мәресіне ...
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барды ...