Бурабайда заңсыз 640 келі балық аулағандар сотталды
Жасалған қылмыс ауыр санаттағы қылмыстарға жатады. 2024 жылдың қыркүйегінде үш адам Ақмола облысы Біржан сал ауданы ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесіне пікір білдірді.
«Енді бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге қатысты пікірталасқа тоқталайын. Үкімет пен Парламент бұл мәселені талқылады. Арнайы зерттеулер жүргізілді, шешімге күмән келтірген қоғам белсенділерінің қаупі мен күмән-күдігі расталған жоқ», – деді мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы қазіргі жүйе мемлекетті басқару ісін жеңілдететінін атап өтті.
«Үкіметтің және депутаттардың басым көпшілігінің, сондай-ақ мамандардың уәжімен келісемін: біздің кең-байтақ жеріміз бар, халқымыздың саны да салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Сондықтан елімізде бірыңғай уақыт белдеуі болуға тиіс. Бұл тәсіл мемлекетті басқару ісін жеңілдетеді, логистика мен көптеген бизнес-үдерісті оңтайландыруға септігін тигізеді. Осымен пікірталасты доғару қажет деп ойлаймын, оның үстіне бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жасалған қылмыс ауыр санаттағы қылмыстарға жатады. 2024 жылдың қыркүйегінде үш адам Ақмола облысы Біржан сал ауданы ...
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағытт ...
«Бурабай» ұлттық паркінде Жұмбақтас табиғи ескерткішке кіру жабылды. Бұл туралы парктың Instagram парақшасында ...