Тіл туралы заң: қоғамдық тамақтану орындарына қандай талап қойылады?
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады.
Ұлттық құрылтайда Президент Абай институтын толыққанды мәдени-ағарту мекемелеріне айналдыру қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы бұл жобаны осыдан 5 жыл бұрын ұсынған болатын. Бүгінде бұл бастама цифрлық платформа форматында іске асырылды. Диаспоралар мен басқа да шетелдіктерге қазақ тілін үйрету құралы ретінде жұмыс істеп тұр. Енді бұл құрылым Конфуций, Гете, Сервантес институттары сияқты жұмыс істеуі керек, деп тапсырды. Абай институты негізгі серіктес елдердің бәрінде төл мәдениетімізді насихаттайтын орталыққа айналмақ. Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде осындай орталықтар ашылатын болды. Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, шетелде осындай орталықтар ашу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
ЦИТАТА:
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті:
Абай институты негізгі серіктес елдердің бәрінде төл мәдениетімізді насихаттайтын орталық болуға тиіс. Бірқатар елде, мысалы, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерде осындай орталықтар ашылатын болды. Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар» қорына Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, шетелде осындай орталықтар ашу мәселесі бойынша тиісті жұмысты жалғастыруды тапсырамын.
Кез келген бизнес Қазақстан Республикасының тіл туралы заң талаптарын сақтауға міндетті. Ереже бұзылса, кли ...
Альбина Ержанова, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының тас және қола дәуірі археологиясы бөліміні ...
Биыл біздің ел Арменияға бидай жөнелте бастады, деп хабарлайды 24KZ. Айдың басында алғашқы мың тоннасы 15 в ...