«Заң мен тәртіп» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Болашақ жұмысшы мамандар сыбайлас жемқорлықпен қалай күреседі? Алматылық колледж студенттері «Заң мен тәр ...
Алдағы жылдары Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашылады .
Бүгін ұлттық құрылтай отырысында мемлекет басшысы тиісті тапсырма жүктеді. Бұл білім ошағы жастарға заман талабына сай білім мен дағдыларды игеруге жол ашып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға ықпал етуі тиіс. Президент ұрпақ тәрбиесіне де баса мән беріп, біліммен қатар тәрбиеге де көңіл бөлу керектігін айтты.
Қ. Тоқаев: тәрбие мен білім қатар жүруі тиіс
Тәрбие мен білім қатар жүруі тиіс. Жасыратыны жоқ, осы күнге дейін елде негізінен тек білімге көп көңіл бөлініп келді. Салдарынан ұрпақ тәрбиесі тасада қалды. Ұлттық құрылтай барысында осыған назар аударған Президент енді олқылықты түзеуге шақырды. Яғни біліммен қатар тәрбиеге де көңіл бөлу керектігін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керек. Ашығын айтсақ, бала оқыту ісінде бұған дейін білімге көбірек назар аударылды. Ал ұрпақ тәрбиесіне қатысты жүйелі ұстаным болған жоқ. Бұл салаға тиісті деңгейде көңіл бөлінбей келді. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Сондықтан біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару өте маңызды.
Жайлы мектеп: құрылыс қарқыны көңіл көншітпейді
Білім демекші, осыдан екі жыл Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы басталған болатын. Оның негізгі мақсаты – білім ұяларындағы орын тапшылығын жою, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу. Алайда, жоспарды жүзеге асыру жайы көңіл көншітпей отыр. Тапсырманы тек Ақмола облысы толық орындап шыққан екен. Өңірде 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтары ашылды. Осы ретте Президент Үкімет пен Самұрық қазына қорына бұл жұмысты қолға алуды тапсырып, жуырда жеке өзі тексеретіндігін ескертті.
Аутизмге шалдыққан балаларды оңалту және дамыту орталықтары құрылады
Сонымен қатар мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар әр баланың толыққанды білім алуға мүмкіндігі болуы керек екендігін ДЕ айтты. Ол үшін жыл соңына дейін мұндай балаларға жан-жақты қолдау көрсету ісін реттейтін жаңа заң әзірлеу керек – деді, Президент. Тағы аутизмге шалдыққан балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құруды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Әрбір облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар, соның ішінде аутизмге шалдыққан балаларды оңалту және дамыту орталықтарын құру керек. Өкінішке қарай, дүние жүзінде осындай диагнозы бар балалардың саны жылдам өсіп барады. Мұндай жағдай Қазақстанда да бар. Демеушілердің және «Қазақстан халқына» қорының көмегімен осы маңызды жұмыста белгілі бір ілгерілеу бар. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаны жандандыруы қажет.
Қосшы қаласында колледж салынады
Жастардың мүмкіндігін арттырып, кәсіби бағыт-бағдар беру аса маңызды. Бұған ерекше назар аудару қажет. Осы ретте Президент жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен облыс әкімдігіне Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледж ашуды тапсырды.
Мемлекет басшысының сөзінше, бұл өте өзекті мәселе. Себебі бұл шаһар Астананың іргесінде орналасқан. Әрі ондағы тұрғын саны да тез өсіп келеді. Бұл бастама жастарға заман талабына сай білім мен дағдыларды игеруге жол ашып, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға ықпал етері сөзсіз.
Риат Шони