«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан»: Астанада полицейлерге арналған арт-терапия өтті
Астанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне а ...
Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Оқиға 1999 жылдың тамыз айында болған. Жеке үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткердің мәйіті табылған. Сараптама марқұмның тұншығып өлгенін көрсетті. Күдіктінің көршілес елде басқа қылмысы үшін жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Тергеу "адам өлтіру" бабы бойынша жүргізілуде», — деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды.
«Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, соның салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда. Материалдар сотқа жіберілді», — деді Руслан Назаров.
Астанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне а ...
Бүгінгі бағдарламада: Түркістан облысында тыйым салынған экстремистік материал таратқан шетел азаматы ...
Финляндия полициясы 2024 жылдың 15 мамырында із-түссіз жоғалған 10 адамнан тұратын отбасын бір жылдан бері таб ...