Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Алматыда самса үшін 10 мың теңге берген шетелдіктер полициядан бір-ақ шықты (видео)

Алматыда самса үшін 10 мың теңге берген шетелдіктер полициядан бір-ақ шықты (видео)

Алматыдағы сауда орнының сатушысы түскен ақшаның арасынан күдік тудырған 10 мың теңгелік купюраны байқады, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы Бостандық ауданында сатушы күндіз түскен түсімнің арасынан номиналы 10 мың теңгелік банкнотты тапты. Әйел оның түпнұсқалығына күмәнданып, полицияға жүгінген.

"Оқиға орнына полицейлер барды. Аталған банкнотпен есеп айырысқан шетел азаматтары мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді.

Қазір банкноттың қайдан шыққаны және оның айналымға қалай түскені анықталып жатыр. Банкнот азаматтардың қолына кездейсоқ, мысалы, кәдесый немесе сыйлық ретінде түсуі де мүмкін деген болжам бар.

Мән-жайды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр", – делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай