Қазақстан мен әлем жаңалықтары
АқпараттықОрда
Бөлімдер
Актуалды

Оралда жолаушылар автобусы өртенді: жалын аялдаманы шарпыды (видео)

Оралда жолаушылар автобусы өртенді: жалын аялдаманы шарпыды (видео)

Орал қаласында маршруттық автобус өртеніп, жалын аялдаманы шарпыды. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ТЖМ-ның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, Орал қаласының Зачаганск кентіндегі Жұмағалиев көшесінде орналасқан автобус аялдамасының маңында маршруттық автобус өртенген.

"Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде автобустың ашық жалынмен жанып жатқаны және өрттің дүкенмен біріктірілген автобус аялдамасының шатырына таралғаны анықталды", – делінген хабарламада.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 6 шаршы метр болған.

ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева