Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
Павлодарда Наурызнама онкүндігі аясында «Шаңырақ күні» тойланып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Бұл күні отбасылық құндылықтарды сақтап , өнегелі өмірімен көпке үлгі болған шаңырақ иелері ерекше құрметке бөленді.
Отау құрғандарына 30 жылдан асқан ерлі-зайыпты Юрий Эм мен Лариса Цой Ассамблея жастарымен кездесіп, отбасылық бақыттың құпияларымен бөлісті. Төрт бала тәрбиелеп қатарға қосқан отбасы бақыттың кілті өзара сыйластықта. «Ең бастысы қол ұстасып, үлкен өмірге қадам басқан әр адам жауапкершілікті сезінуі тиіс», – дейді олар.
Юрий Эм, «Somang» корейлер қауымдастығы ҚБ мүшесі:
- Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Біз қолда барды бағалай білу керек деген ұстаныммен өмір сүріп келеміз. Жастарымызға махаббатқа берік болыңдар деген ағалық ақылымды айтамын.
Лариса Цой, «Somang» корейлер қауымдастығы ҚБ аналар кеңесінің төрағасы:
- Біз Қазақстан деген үлкен шаңырақтың астында бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елімізде барлық ұлттар мен ұлыстарға тең көзқарас қалыптасқан. Ассамблея арқылы қоғамға пайдалы іс атқаруға зор мүмкіндік беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Күн райының күрт бұзылуы салдарынан елдің бірнеше өңірінде жол қозғалысы шектелді. Қазір жолда қалған жолау ...
ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті ...
Сеул қаласында Қазақстанға арналған көрме өтіп жатыр. Онда оңтүстіккореялық журналист Ким Сан Ук түсірген ф ...