• 16-03-2025

Алуа Балқыбекова Қазақстанға тағы бір алтын сыйлады

Сербияда өтіп жатқан байрақты бәсекенің финалында отандасымыз Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

50 келі салмақта Балқыбекова Қытай боксшысы Мей Хумен кездескен. Жекпе-жек бойы отандасымыз басым түсіп, нәтижесінде қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Алуа алғаш рет бокстан әлем біріншілігінің "алтынын" алып отыр.

Бұған дейін 29 жастағы Алуа әлем біріншіліктерінде күміс (2022) және қола (2023) медаль алған.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін биылғы әлем чемпионатындағы екінші алтын. Бұған дейін Назым Қызайбай да ресейлік қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды.