
Жетісуда полиция қызметкерлері ер адамнан 800 мың теңге көлемінде ақша бопсалады деген күдікпен үш әйел адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, күдікті үш қызды 6 наурызда Жетісу облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған.
Полиция мәліметінше, ақпан айында Б. есімді азамат "Друг Вокруг" әлеуметтік желісі арқылы А. есімді бойжеткенмен танысқан. Хат алмасу барысында А. оны өз үйіне қонаққа шақырған. Алайда айтылған мекенжайға келгенде пәтерде тағы екі бейтаныс қыз болған. Біраз уақыттан кейін қыздардың бірі оған басқа бөлмеде оңаша қалуды ұсынған. Ер адам мен қыздардың бірі бөлмеге кіріп, шешіне бастаған кезде, кенеттен екі қыз ішке баса-көктеп кіріп, айқайлап, оны кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды деп айыптаған. Күдіктілер ер адамға екі таңдау берген: 800 мың теңге береді немесе олар полицияға арыз жазады. Кепілдік ретінде ер адамнан жеке куәлігін, техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін алып, толық соманы алғаннан кейін құжаттарын қайтаратынын айтқан. Күдіктілердің қысымынан сескенген ер адам екі рет 50 мың теңгеден беріп үлгерген. Алайда 30 мың теңгені беру кезінде күдіктілерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстаған.
Басылымның хабарлауынша, қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, қылмысқа қатысы бар басқа да адамдардың бар-жоғын тексереді.
TOP
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
"Екеуміз де арбаға таңылдық": көптен көрінбей кеткен Нұрлан мен Мұрат денсаулығы туралы айтты
18.03 -
-
-