Интернет-алаяқтық: елордалықтар құрылтайда қозғалған мәселеге қатысты пікір білдірді
Елде алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Әккілер, әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы айласын асырып отыр, деп х ...
Әлеуметтік желілерде бортсеріктер неге ұшақта иллюминатор перделерін жаппауды сұрайтыны жиі қызығушылық туғызады. Бұл қауіпсіздік шарасы ма, әлде жай ереже сақтау үшін бе? Сауалға қазақстандық әуекомпаниялары жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компанияның баспасөз қызметі бұл талап халықаралық қауіпсіздік нормаларының бірі екенін еске салды.
"Ұшып көтерілу және қону кезінде бортсеріктер салон ішінде жүрмейді. Терезелердің ашық тұруы жолаушыларға қандай да бір төтенше жағдайды байқауға және экипажға хабарлауға мүмкіндік береді", — деп түсіндірді SCAT өкілдері.
Бұл әуекомпанияның баспасөз қызметі өкілі де ұшақ көтерілу және қону кезінде иллюминатор перделері ашық тұруы қажет екенін растады.
"Бұл қауіпсіздік шараларының маңызы зор, себебі ұшудың дәл осы кезеңінде апат жиі болады. Біріншіден, перделердің ашық тұруы жолаушылардың көзін табиғи жарыққа бейімдеуге көмектеседі, бұл төтенше жағдайда жақсы бағдарлануға мүмкіндік береді. Осы себепті көтерілу және қону кезінде ұшақ салонында негізгі жарық сөндіріледі. Екіншіден, иллюминаторлар арқылы бортсеріктер мен жолаушылар сыртта не болып жатқанын көре алады. Бұл экипажға уақытылы ақпарат беруге немесе эвакуация кезінде жағдайды бағалауға көмектеседі", — деп түсіндірді Qazaq Air өкілдері.
Компания мәліметінше, апат жағдайында қону кезінде құтқарушылар иллюминаторлар арқылы ұшақ салонындағы жағдайды бақылап отыра алады.
"Үшіншіден, төтенше жағдайда жарақат алу қаупін азайтады. Себебі жабық пластик перде қатты соққыдан жарылып, жолаушыларды жарақаттауы мүмкін", – деп қорытындылады әуекомпанияның баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Елде алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Әккілер, әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы айласын асырып отыр, деп х ...
Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінің терезесін жуып жатқан әйел төменге көз жұмды ...
Әлеуметтік желі балаға қауіпті ме? Кейінгі уақытта бұл мәселе жиі көтеріле бастады. Тіпті халық қ ...