Ақтөбе облысындағы жол апатынан кейін тасжолды кеңейту жұмыстары басталды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақтелекомға қарсы тергеу басталғанын мәлімдеді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір интернет нарығында "Қазақтелеком" АҚ және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) үлесі басым болып отыр.
"Байланыс операторларының интернет бойынша бағасы зерттелді. Талдау нәтижелері бойынша "Қазақтелеком" АҚ-дан монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Осыған байланысты агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзылуы бойынша тергеп-тексеруді бастады", — деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, агенттік уәкілетті мемлекеттік органдарға басқа байланыс операторларының тұрғын үйлерге қосылуына кедергілерді жою бойынша ұсыныс жіберді.
"Талдау барысында агенттік қызмет көрсету кезінде бөгде байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруіне, сондай-ақ, кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) мен Nazarbayev University Биомедициналы ...
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін ...